«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дұрыс тамақтану: Шығыс Қазақстан облысының наубайшылары өнімдердегі тұзды азайтуды ұсынады

2025 жылғы 23 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
335 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында нан және нан өнімдерін өндірушілермен кездесу өтті.

Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Салауатты тамақтануды насихаттаудың 2025-2026 жылдарға арналған» Жол картасы туралы айтып берді.

ШҚО СЭБД азық-түлік объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Гүлнәр Қалибасованың айтуынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бірінші кезектегі қайта қарауға жататын құрамында тұзы жоғары өнімдер тізбесінің жобасын әзірлеген.

«Күнделікті тұтыну өнімі ретінде 100 грамында орташа есеппен 0,9-1,2 г тұз бар нан және нан өнімдері басым өнім ретінде белгіленді», - деді Гүлнәр Қалибасова.

Сондай-ақ ол өнімдердің тізімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросымен, Қазақ тағамтану академиясымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп тұздың адам денсаулығына кері әсері туралы зерттеулер негізінде әзірленгенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2025 жылғы мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысында құрамында тұзы жоғары тамақ өнімдерін шығаратын және тұздылық деңгейін бірінші кезекте төмендетуге жататын өнімдер тізіміне енгізілген 107 кәсіпорын бар.

Оның 85-і нан және нан өнімдерін өндіруге жатады, бұл тізімдегі ең маңызды санаттардың бірі.

ШҚО СЭБД мониторинг, талдау және тәуекелді бағалау бөлімінің басшысы Назерке Шақантаева айтқандай, еліміздің кейбір өңірлері пайдалы нанның түрін кеңейтіп, халық арасында жоғары сұранысқа ие тұзсыз өнімдерді шығаруды қолға алды.

Жиында кәсіпкерлерге өнімге тұз қосу стандартын өзгертуді ұсынған келісім таныстырылды.

Нан өндірушілер келісім мен зерттеулермен танысып, рецептті өзгертуге тырысатындарын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер