«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП мен «Қазақтелеком» АҚ бизнеске арналған цифрлық құралдарды талқылады

2025 жылғы 15 Мамыр
564 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялар, цифрландыру және бизнеске арналған технологиялық шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясы ел экономикасында үлкен рөл атқарады. Телекоммуникация қызметінің сапасы көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызмет көрсету деңгейіне де, тұрақтылығына да тікелей әсер етеді.

Басқосуда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қанат Алин өз ойымен бөлісті.

«Технологиялық бастамалар мен цифрлық қызметтерді қолдау – бұл бизнеске инвестиция ғана емес, ол экономиканың тұрақты дамуына қосқан үлес. Біз диалогқа ашықпыз және корпоративтік сектор мен ШОБ арасында көпір болуға дайынбыз», - деді Қанат Алин.

Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес Дивизионының маркетинг және даму жөніндегі директоры Абылай Жұмагелдинов компанияның даму жоспарлары туралы айтып берді. Ол бизнес сұранысқа ие цифрлық шешімдердің ауқымын кеңейтуге назар аударды.

Басымдықтарға деректерді сақтауға арналған бұлттық қызметтерді іске қосу, жасанды интеллект негізіндегі қызметтерді дамыту және бұлтты бейнебақылау жүйелерін дамыту кіреді.

Бұл салалар цифрлық технологиялардың арқасында бизнестің қалай өзгеретінін қазірдің өзінде айқын көрсетіп отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрландырудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ, кәсіпкерлердің заманауи цифрлық қызметтерге қол жеткізуін жеңілдететін телекоммуникациялық құралдарды бірлесіп әзірлеу туралы келісті.

Ұлттық палата мен елдің телекоммуникация саласындағы көшбасшысы арасындағы өзара түсіністік кәсіпкерлердің де, қарапайым қазақстандықтардың да мүддесі үшін ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер