«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көрфез Сауда палатасының мүшелері Түркістан облысына келді

2025 жылғы 28 Сәуір
- Түркістан облысы
163 просмотров

Бүгін Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасына Түркияның Көрфез Сауда палатасының мүшелері, төрағасы Режеп Өзтүрік бастаған делегация келді.

Сапар мақсаты — Түркістан облысының инвестициялық климаты туралы мәлімет алу және өңірдегі инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларымен танысу.

Кездесу барысында қонақтарға облыстың экономикалық әлеуеті, қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар, инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер мен қолдау тетіктері туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, шетелдік инвесторларға инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құқықтық сүйемелдеу сияқты қолдау түрлері таныстырылды.

Палата директоры Асылан Ибадуллаев кездесуде:
«Түркістан облысы инвестиция тартуға өте қолайлы өңір. Біз инвесторларға барлық қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Біздің мақсатымыз – өзара тиімді әріптестік орнатып, өңір экономикасының дамуына бірге үлес қосу», – деп атап өтті.

Көрфез Сауда палатасының өкілдері Түркістан өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер