«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жаңа директор тағайындалды

2025 жылғы 21 Ақпан
- Алматы қаласы
522 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Өңірлік кеңесінің келісімімен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімі бойынша Алматы қаласының ӨКП директорының лауазымына Шыңғысхан Маратұлы Маманов тағайындалды.

Шыңғысхан Маманов 1987 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Ол мемлекеттік басқару, халықаралық құқық және гуманитарлық ғылымдар салаларында үш жоғары білімге ие.

2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық құқық факультетін тәмәмдап, 2010 жылы АҚШ-тағы Монтана университетінен мемлекеттік басқару бакалавры дәрежесін алған, 2017 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін дәлелдеп шықты.

Кәсіби жолын 2010 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ кәсіпкерлік даму орталығын басқару саласында бастаған, кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Шыңғысхан Маманов Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы, Алматы облысының Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы, кәсіпкерлік даму саласы бағытында әкімнің орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің Жобалық басқару орталығында бас кеңесшісі болған.

2022 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың қазан айына дейін «Орион Дистрибьюшн» ЖШС-нің  БАӘ, Дубайдағы ресми өкілі  - даму директоры қызметін атқарған. 2024 жылдың 21 қазанында Алматы қаласының  «Атамекен» өңірлік палата аппаратының жетекшісі болып тағайынды.

Шыңғысхан Маманов кәсіби қызметінде өзін білікті маман және жақсы басшы ретінде көрсетті. Сондықтан 2025 жылдың 7 ақпанында Өңірлік кеңес оның кандидатурасын өңірлік палата басшысы лауазымына ұсынды. Ұлттық палатаның басқармасы үміткердің барлық талаптарға толық сәйкестігін атап өтіп, Шыңғысхан Маратұлы Мамановты Алматы қаласындағы «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер