«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

2025 жылғы 05 Ақпан
- Қызылорда облысы
270 просмотров

«Атамекен» ҰКП сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін жариялап, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамын бекітті.

Кеңесте квотаға сәйкес 15 мүше, оның ішінде 7 аудан мен Байқоңыр қаласынан және 7 салалық кеңестен бір-бір өкілден қамтылған.

Айта кетейік, сайлау 27-29 қаңтар аралығында өтті, барлығы 26 өтінім берілді. Дауыс беруді тікелей аудандық және салалық кеңес мүшелері жүргізді. Жаңа құрамға бұрынғы Өңірлік кеңес құрамнан 6 делегат кірді. Бұл өз кезегінде құрамның 60%-ға жаңаруына әкелді. Кеңес құрамында 10 ер адам және 5 әйел бар.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес құрамы:

  1. Асенов Аблан Мұсабекұлы, «Нұр» ЖК басшысы (Жаңақорған аудандық кеңесі);
  2. Дауленбаева Шолпан Әнуарқызы, С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінің құрылтайшысы (Байқоңыр қаласы бойынша кеңесі);
  3. Дәулетбаева Венера Нартайқызы, «Venera Print» ЖШС директоры (Әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесі);
  4. Дәулетиярқызы Қуанышкүл, «РАУАН» мектепке дейінгі шағын орталық ЖШС директоры (Қазалы аудандық кеңесі);
  5. Дүлдүл Руслан Кажденбекұлы, "ZIYATKER" "ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» ЖШС құрылтайшысы (Білім саласы және әлеуметтік кәсіпкерлік салалық кеңесі);
  6. Еспенбетов Манарбек Нағымұлы, «Промстройсервис.Е» ЖШС құрылтайшысы (Құрылыс саласы бойынша кеңесі);
  7. Құлмырзаев Мейрамбек Оразғалиұлы, «Арал құрылыс» ЖШС директоры (Арал аудандық кеңесі);
  8. Прекешов Ғалым Маратұлы, «NP Consalting» ЖШС директоры (Өнеркәсіп салалық кеңесі);
  9. Маханбет Патима Шаймерденқызы, ЖК «Маханбет» басшысы (Шиели аудандық кеңесі);
  10. Раимов Ерлан Қаниұлы, «РАИМ» ЖШС құрылтайшысы (Сауда, қызмет көрсету және туризм салалық кеңесі);
  11. Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы, «Абай Даулет» ЖШС директоры (Агроөнеркәсіп кешені салалық кеңесі);
  12. Серіков Шыңғыс Серікұлы, «Белсенді» фермерлік қожалығының төрағасы (Жалагаш аудандық кеңесі);
  13. Сералиева Рахима Аяғанқызы, «Әли-Нұр Мед» клиникасының құрылтайшысы (Денсаулық сақтау салалық кеңесі);
  14.  Сыздықов Жеңісбек Шәкімбайұлы, «Шаған жер» ЖШС директоры (Сырдария аудандық кеңесі);
  15.  Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры (Қармакшы аудандық кеңесі).

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер