Ақсу кәсіпкерлер кеңесі «Атамекен» Павлодарлық Палатасының өңірлік кеңесіне өз мүшесін сайлады
Рәсім тікелей дауыс беру жолымен өтті.
Аудандық кеңес мүшелерін екі үміткер: «Тепличный комплекс Аксу» ЖШС директоры Бауыржан Құсманов пен «Ырыс АсБал» ЖШС директоры Балқия Ерғалиеваның арасында таңдауға тура келді.
Өңірлік кеңес делегатын сайлауға қатысқаны үшін «Атамекен» палатасының Ақсу қалалық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелеріне өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы ӨКП директоры Ерқанат Әбенов алғыс айтты. Палата директоры Бауыржан Құсмановты өңірлік кеңеске кіруімен құттықтап, облыс деңгейіндегі бизнесті Ақсу қаласынан белсенді қорғайтынына сенім білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: