«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сауда және қызмет көрсетудің салалық кеңесі Павлодарлық «Атамекен» палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне делегатын сайлады

2025 жылғы 04 Ақпан
- Павлодар облысы
359 просмотров

Салалық кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы өңірлік кеңес мүшесін сайлау үшін арнайы жиналды.

Павлодар облысы «Атамекен» Палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне «СОМ ПВ» ЖШС директоры Аурика Дяк пен «Три Кота Ж» ЖШС басшысы Анастасия Барт кіруге тілек білдірді. Рәсім ашық дауыс беру арқылы өтті, онда өңірлік кеңеске Аурика Дяк өтті.
Өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов Аурика Дякты кеңеске кіруімен құттықтап, оған табысты жұмыс тілеп, салалық кеңестің өз делегаттарын қанағаттанарлықсыз жұмыс істеген жағдайда өңірлік кеңестен шақыртып алуға құқығы бар екенін еске салды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер