«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аккредиттелген ассоциациялар атынан Өңірлік кеңес құрамына үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын ұсынды

2025 жылғы 23 Қаңтар
- Алматы қаласы
225 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Үміткерлердің пікірінше, бизнесте шешімін таппай жатқан проблемалар аз емес. Оларды ұзаққа созбай және жүйелі түрде шешу керек. Өз саласы бойынша әрбір үміткер өңірлік кеңес құрамында жүзеге асыратын бағдарламасын ұсынды.

Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесіне сайлануға 12 аккредиттелген қауымдастықтың өкілдері өтінім берді. Салалық кеңестердің төрағалары мен мүшелерімен кездесуде олар бастамалар айтып, бизнес-ортаны нығайтуға және қаланың тұрақты экономикалық дамуын қолдауға бағытталған әрі қарайғы қызмет пен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі. Бағдарламалардың негізгі акценттері цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту мен шағын және орта бизнесті қолдау болды.

Кездесу офлайн режимінде өткенімен, келіп қатысуға мүмкіндігі болмаған үміткерлерге сайлауалды бағдарламаларын онлайн режимінде ортаға салуға мүмкіндік берілді. Әрбір үміткер бар мәселелерді шешу жолындағы нақты қадамдар мен шаралар ұсынды. Ұсыныстар өндірістік процестерге жаңа технологияларды енгізуден бастап, қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын құруға дейін болды. Мысалы, үміткерлердің бірі инновациялар мен бірлескен жобаларды ынталандыру үшін кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу платформасын құру қажеттілігіне назар аударды.

«Алдағы сайлау бәріміз үшін қаламыздағы, еліміздегі саяси және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызатын маңызды кезең. Біз «Атамекен» палатасында бизнес пен билік арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мүмкіндігін көріп отырмыз. Біз барлығымыз алдағы сайлаудың ашық өткенін қалаймыз және үгіт бағдарламаларында айтылған барлық міндеттер өңірлік кеңестің жұмысы барысында іске асырылатынына сенімдіміз. Палата өз тарапынан сіздерге барлық жағынан белсенді түрде көмек көрсетуге дайын», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзақұлова.

Салалық кеңестер мүшелері үміткерлерге сайлау платформаларына қатысты сұрақтар қойды. Айта кету керек, қауымдастықтардың барлық өкілдері өзекті мәселелердің сындарлы шешімдерін ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер