«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» Палатасында дүкен сөрелеріндегі орындар үшін «күрес» ережелері түсіндірілді

2024 жылғы 18 Желтоқсан
- Павлодар облысы
1079 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында аймақ бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен кеңес өтті. "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов өткізген кездесуге кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өкілдері қатысты.

Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев Қазақстанда дүкендер сөрелеріндегі отандық және өзге де тауарлардың 30 пайыздық арақатынасы туралы заңнамалық талап қолданылатынын еске салды. Бұған дейін отандық тауар өндірушілер бұл арақатынасты ұлғайту жағына қарай қайта қарауды, 70 пайызға дейін көтеруді бірнеше рет ұсынған болатын.

"Бұл ұсыныстарды Кәсіпкерлер палатасымен бірге жолданды, және ол тыңдалды. Министрлікте кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі бағдарлама іске қосылды, онда үш миллиард теңгеге дейін жеңілдікпен кредит беру көзделген. Отандық тауарлардың үлесін басқаларға қосымша ұлғайту қарсы міндеттеме болып табылады. Ол мемлекеттік қолдау шараларын алғандар үшін 50 пайызға дейін ұлғайтылды", - деді Дәулен Қабдушев.

Сондай-ақ, отандық өндіріс тауарларының арнайы орналасуы туралы заңнамалық талаптар да бар: олар көз деңгейінде тұруы, көзбен шолып қол жетімді жерлерде болуы және "Қазақстанда жасалған" деген арнайы белгісі болуы тиіс, деп толықтырды ол.

"Пайыздық мөлшерлеме бойынша Ішкі сауда ережелерінде де өзгерістер бар. Қазір сөренің үлесі фейсинг-тауарлар, яғни бірінші қатарда тұрған өнімдер бойынша есептеледі. Олар мұндай өнімнің артында қанша тұрғанын көрмейді, бірақ олар бірінші тауар (фейсинг-тауар ) бойынша есептеле бастайды", - деді спикер.

Сонымен қатар, департаментке бірнеше рет дүкендерден тауарды өндірушіге қайтару пайызы жоғары екендігі туралы өтініштер келіп түсті. Кәсіпкерлердің мәліметінше, қайтару үлесі 25 пайызды құрайды, егер одан көп болмаса, - деді Дәулен Қабдушев. Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнара Ақылбекова өнімді бақылау сатып алу аясында ведомствоның аумақтық басқармалары 2024 жылдың он бір айында 1233 өнім сынамасын жасағанын хабарлады: 740 азық- түлік өнімінің сынамасы (олардың жалпы санының 60 пайызы) және 493   азық-түлік емес өнім жасағанын хабарлады.

"Олардың ішінде Қазақстан Республикасынан өндірушілерден 126 (он пайыз), ЕАЭО елдерінен - 594 (48), басқа мемлекеттерден - 513 (41 пайыз) сынама алынды. 371 сынама бойынша талаптарға сәйкес келмейтін өнім анықталды. Бұл 30 пайыз. Оның ішінде азық- түлік өнімдеріне 99 сынама (27 пайыз), азық- түлік емес өнімдерге - 73 пайыз. Қазақстан өндірушілерінен үш пайыз, Еуразиялық экономикалық одақтан - 18 пайыз, басқа мемлекеттерден - 78,7 пайыз болды", - деп нақтылады Гүлнар Ақылбекова.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов «Атамекен» ӨКП жалпы отандық бизнестің: сауда желілерінің де, жергілікті тауар өндірушілердің де дамуын қолдайтынын айтты.

"Менің ойымша, сізден әлдебір шамадан тыс шараларды ешкім талап етпейді. Барлығы Қазақстан аумағында бекітілген және қабылданған заңнама, ережелер аясында жасалуда", - деді ол бизнес өкілдеріне.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер