«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының құрылыс кеңесі 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын айқындайды

2024 жылғы 05 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1558 просмотров

Дереккөз: kaspi.kz

Алматы қаласының ӨКП жанындағы құрылыс жөніндегі Кеңестің құрамына құрылыстағы, сәулеттегі, жобалаудағы жетекші ұйымдардың 15 басшысы кіреді. Кезекті отырыс барысында олар бірнеше мәселелерді, соның ішінде өңірлік кеңес мүшелігіне алдағы сайлауды және келер жылға арналған жоспарды талқылады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Алматыда 1 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. Тиісінше, тұрғын үй құрылысының серпінді аудандарында әлеуметтік, инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы жүргізілуде. Яғни, құрылыс саласында істейтін кәсіпкерлерге тікелей қатысты мәселелермен Кеңес жиі кездесетінін көрсетеді. Отырысқа қатысушылар 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын белгіледі. Ондағы басымдық-бизнестің мүдделерін қорғау.

«Біз 2025 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын жасаймыз, ол қаланы дамыту міндеттерін, құрылыс шарттары мен қауіпсіздігін ескеруі тиіс. Біз негізгі тақырыптарды атап өттік: тұрғын үй қорын жаңарту, жер сілкінісіне төзімділік, сейсмикалық қауіпті аймақтағы қауіпсіздік, құқықтық және қаржылық аспектілер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу шарттарының құрылыс саласына әсері. Осы мәселелерді тікелей талқылау жоспарлануда, бұл саланың басымдықтарын анықтауға және жағдайын жақсартуға көмектеседі», - деп түсіндірді кеңес төрайымы Любовь Нысанбаева.

Кеңес отырысы барысында ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова өңірлік кеңеске сайлау тәртібін атап өтті. Ұлттық палатаның бақылау органы 4 жылға сайланады. Биыл оның құрамына әр салалық кеңестен екі өкіл және аккредиттелген қауымдастықтардан бір өкілден кіреді.

«Атамекен» Ұлттық палатасын трансформациялау аясында салалық кеңес мүшелерінің арасынан Өңірлік кеңес құру көзделген. Белсенді азаматтық ұстанымға ие бола отырып, олар Ұлттық палатаға, бизнес-омбудсменге, Министрлер аппаратына және Үкіметке жолдануы қажет мәселелер пулын дұрыс және нақты қалыптастыра алады», - деп атап өтті Мырзақұлова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер