«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда іскер әйелдердің салааралық кеңесінің құрамы жаңартылды

2024 жылғы 29 Қараша
- Алматы қаласы
1459 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Қазір кеңестің құрамында 20 іскер әйел бар. Олардың барлығы табысты кәсіпкерлер ғана емес, азаматтық қоғамның белсенді мүшелері. Біреу қауымдастықты басқарады, біреу бизнесті бастау сабақтарын береді, ал біреуі салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын әлеуметтік желілерде белсенді беттерді жүргізіп отырады.

Күн тәртібін айта келе, Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Ақеркін Эралиева Кеңеске өз қаласына және өз еліне ең бей-жай қарамайтын әр түрлі салада кәсібін жүргізіп отырған бизнес-ханымдар кіргенін атап өтті. Кеңес әйелдер бизнесін дамыту үшін жағдай жасауға жұмыс істейді, шағын және орта бизнесті қолдайды және тәжірибе мен білім алмасу платформаларын ұсынады. Сонымен қатар, ол инвесторларды табуға, оқытуға, сондай-ақ маркетинг пен қаржылық мәселелерге көмектеседі.

Құрам іс жүзінде 30% - ға жаңартылды, яғни оған жаңа төрайым қажет. Ұсынылған Жанар Нұрсейітованы қатысушылардың барлығы қолдады.

                                                  

«Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені Кеңес құрамына енген әрбір әйел ерекше. Маған төрайым лауазымын сеніп тапсырғандарын ерекше сенім деп білемін. Бұл сенімді ақтауға тырысамын. Кеңесте шешілетін міндеттер өте көп, Форум қткізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы отырыста біз жұмыс жоспарын анықтаймыз және Кеңесте қаралған мәселелерді, шешімін тапқан жағдайлар туралы әлеуметтік желілері арқылы жаңалықтарымызбен бөлісіп отырамыз»,- деді «New Decision Group» ЖШС құрылтайшысы және әлеуметтік кәсіпкер Жанар Нұрсейітова.

                                                

Сондай-ақ, отырысқа қатысушыларға өңірлік кеңеске сайлау өткізу тәртібі түсіндірілді. Бүгінгі таңда Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан 10 кеңес құрылды. Олардың әрқайсысынан өңірлік кеңестің құрамына екі делегат, ал әрбір аккредиттелген қауымдастықтан – бір делегаттан ұсынылатын болады. Өңірлік кеңес жергілікті іскер әйелдердің мәселелерін республикалық деңгейде шешетін болады.

                                                 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер