«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасында «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2024 жылғы 30 Қазан
- Астана қаласы
226 просмотров

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасында «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:  
1. «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің қызметі туралы есеп.  
2. «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің төрағасын сайлау..  
3. «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің тұрақты құрамын бекіту.  

Отырыс барысында «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің иесі, Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ең ірі желі иесі Ерлан Мельсұлы салалық кеңестің қызметі туралы есеп берді.  
Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Канат Төлеубекұлы Ерлан Мельсұлының өкілеттік мерзімі аяқталғанын айтты.  
Отырыс қорытындысы бойынша Ерлан Мельсұлы бір жыл мерзімге «Денсаулық сақтау» салалық кеңесінің төрағасы болып сайланды.  
Сондай-ақ, тұрақты құрам бекітіліп, оның шешімі Протоколға енгізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер