Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында «Білім беру және жұмыс орындары» салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында «Білім беру және жұмыс орындары» салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
«Білім беру және жұмыс орындары» салалық кеңесінің төрағасын сайлау.
«Білім беру және жұмыс орындары» салалық кеңесінің тұрақты құрамын бекіту.
Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының директоры Канат Алин, Куспеков Олжас Хайруллаұлының өкілеттік мерзімі аяқталғанын ескере отырып, жаңа төрағасын сайлау қажеттігін хабарлады.
Дауыс беру нәтижесінде Байдубекова Майра Шынайдарқызы бір жыл мерзімге «Білім беру және жұмыс орындары» салалық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Сонымен қатар, кеңестің тұрақты құрамы бекітіліп, бұл шешім Протоколға енгізілетін болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: