«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес тексерулер туралы хабарламаларды мобильді қосымша арқылы ала алады

2024 жылғы 25 Қараша
- Павлодар облысы
2238 просмотров

Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау үшін «Qamqor» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты.

«Qamqor» қазірдің өзінде нақты уақыт режимінде табысты жұмыс істеуде. Қосымша «App Store» маркетплейсі арқылы жалпы қол жетімділікте жүктеп алу үшін орналастырылған.

Тексеру тағайындалған жағдайда бизнес субъектісінің ұялы телефонына Push-хабарлама келеді. Бұл қосымшада кәсіпкер тексеруге қатысатын адамдар туралы мәліметтерді, тексеру мерзімі, кезеңі, құқықтық негіздері мен нысанасын көре алады. Кәсіпкерлік субъектілерінің «Qamqor» мобильді қосымшасын орнатуы оларды заңсыз тексерулерден қорғайды.

"Кез келген осындай жаңа құрал бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесе алады. Оның үстіне, егер жаңа мобильді қосымшаны қадағалау органы ұсынса", - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер