«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ӨКП салықтар мен аударымдар мәселесін үнемі түсіндіріп отырады - Павлодарлық кәсіпкерлер Палатасының директоры

2024 жылғы 19 Қараша
- Павлодар облысы
1799 просмотров

Павлодар, Май және Аққулы аудандарының кәсіпкерлері әлеуметтік сақтандыру нормаларын түсіндірген БЖЗҚ және ӘМСҚ өкілдерін тыңдады.

Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі ережелері бойынша бұл ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Атамекен» Павлодарлық Палатасы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалымен бірлесіп, кәсіпкерлерді жинай отырып, бейнеконференция режимінде жүргізді. Диалогқа бизнес субъектілері, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, сондай-ақ Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, оның ішінде «Атамекен» ӨКП Павлодар ауданындағы филиалының директоры Айдос Шайхислам қатысты.

"Кәсіпкерлер үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор, өйткені бизнеске өз міндеттемелері мен құқықтарын жақсы түсінуге, сондай-ақ заңнаманы білмеуге немесе дұрыс түсіндірмеуге байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі", - деп санайды Айдос Шайхислам.

Кездесуде БЖЗҚ мен ӘМСҚ өкілдері кәсіпкерлерді зейнетақымен, әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы хабардар етті, сондай-ақ бизнесті қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

 Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы кез келген мәселеде, соның ішінде салықтар мен бюджетке аударымдар сияқты маңызды мәселелерде кәсіпкерлерге көмекші болуға дайын. Сондықтан мұндай түсіндіру іс-шаралары ӨКП күшімен немесе біздің алаңда тұрақты түрде өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер