«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақсу қаласындағы «Кронос-Павлодар» ЖШС жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілерге тап болды

2024 жылғы 17 Қыркүйек
- Павлодар облысы
3897 просмотров

Осыған байланысты компания жер учаскелерінен айырылып, маңызды жобаны жүзеге асыруды тоқтатуы мүмкін.

Оның мәселесін Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының инвестициялық жобаларын сүйемелдеу жөніндегі фронт-офис отырысында талқыланды. Кездесудің модераторы Ақсу қаласының прокуроры Алмаз Амангелдинов болды. Отырысқа Ақсу әкімі Нұрлан Дүйсімбинов, "Атамекен" ӨКП директорының орынбасары Жомарт Сембаев, "Кронос-Павлодар" ЖШС басшылық құрамы, осы компанияның және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кәсіпорын 1893 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу бойынша инвесторлардың жалпыұлттық пулында тіркелген. Инвестициялардың жалпы сомасы 14 миллиард теңгені құрауы тиіс. Жоба 150 жұмыс орнын құруға әкеледі.

"Қатысушылардың пікірлерін тыңдап, сондай - ақ қайтарылуға жататын жер учаскелерінің орнына жер учаскелерін алмастыруға тыйым салатын заңның тікелей императивті нормалары болмағандықтан, жер ресурстарын басқару департаментіне медиативтік келісім жасасу жөнінде негізделген шешім қабылдау туралы мәселені қарауды ұсынамыз", - деді прокурор Алмаз Амангелдинов.

Ақсу әкімдігіне медиативтік қорытынды жасау жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда қаланың қадағалау органы елді мекеннің шекарасын өзгерту мәселесін талқылау үшін жер дауы өрбіген Ребровка және Қаракөл ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізуді ұсынды.

"Біз үшін бірнеше жылдан бері өзі кінәлі емес мәселені шеше алмаған инвестордың қалыптасқан жағдайдан тезірек шығуы маңызды. "Кронос-Павлодар" ЖШС мәселесін біз өз алаңымызда бірнеше рет талқыладық ", - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер