«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП серіктесі бизнесін дамытып жатыр

2024 жылғы 31 Шілде
7286 просмотров

Кәсіпкер Берікбол Өміралиев көптеген жылдар бойы Рудный қаласындағы кәсіпкерлер палатасының бөлімімен бірге кәсібін дамытып жүр.
Бүгінгі таңда оның өнімдері қаланың және облыстың автокөлік жүргізушілері арасында кеңінен танымал. Берікбол автомобильдерге арналған EVA кілемшелерін жасаумен, сондай-ақ аксессуарларды сатумен айналысады.


Рудныйдағы әрбір екінші жаңа машина ол өндіретін кілемдермен жабдықталған деп айтуға болады. Жақында ол республика нарығына шыға бастады.
Берікбол үнемі өзін-өзі дамытумен және бизнес саласында өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. Палатының бөлімшеде өтетеін барлық білім беру жобаларына қатысады: «Бизнес Кеңесші», «Бизнес Өсу», «Бастау Бизнес», сондай-ақ қаржылық емес қолдау бойынша үнемі кеңес алуға жүгінеді.

Мұнда оған жеке кәсіпкер дәрежесін алуға және бизнесті бастауға байланысты барлық рәсімдерден өтуге көмектесті. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар, салық салу, салық есептері және басқа да мәселелер бойынша үнемі кеңес алады. Кәсіпкердің өзі атап өткендей, кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықтың арқасында ол бизнес саласындағы заңнаманың өзгеруі туралы әрқашанда хабардар.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыстың аудандары мен қалаларындағы палаталардың филиалдарымен бизнес саласында 9 мыңнан астам консультация берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер