«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Екібастұз бизнесі балалар тағамы, тарифтер және т. б. мәселелерімен "Атамекенге" және прокуратураға жүгінді

2024 жылғы 25 Шілде
- Павлодар облысы
7711 просмотров

"Атамекен" өңірлік палатасының директоры Ерқанат Әбенов пен Павлодар облысының прокуроры Берік Жүйріктаев бейресми форматта бизнес- қауымдастықпен кездесу өткізді.

Оларға Екібастұз кәсіпкерлігінің түрлі салаларының 50-ден астам өкілінен сұрақтар қойылды. Көтерілген мәселелер электр энергиясы мен балалар тағамы бойынша тариф белгілеуге, объектілерді инженерлік желілерге қосуға, жер және басқа да көптеген салаларға қатысты болды.

Ерқанат Әбенов пен Берік Жүйріктаев бизнестің өздеріне жүгінген мәселелер бойынша нақты түсініктемелер берді, қадағалау органы мен "Атамекен" ӨКП тарапынан  түрлі озбырлыққа тосқауыл қою үшін жасалған қорғау шаралары туралы айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер