«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа Салық кодексі. Павлодарлық «Атамекенде» салық салушылар құжатқа енгізілген түзетулер туралы айтып берді

2024 жылғы 22 Шілде
- Павлодар облысы
5513 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастық өкілдеріне Салық кодексінің жаңа редакциясына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

«Атамекен» ӨКП директоры бұған дейін өңірлік палата бизнес субъектілері арасында бұл туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Олардың біріне Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрі қатысқан.

«Сол кезде әзірленіп жатқан Салық кодексіне енгізіліп жатқан жаңалықтар талқыланды, бірақ кәсіпкерлерді кеңінен қамту мүмкін болмады, сондықтан енді біз осы мәселелерге қызығушылық танытатын бизнес өкілдерін шақырдық», - деді Ерқанат Әбенов.

«Кәсіпкерлер палатасы бұл жолы жиналған ұсыныстарын «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына жолдайды, деп толықтырды ол.     
Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері жаңа Салық кодексі салық салу тәртібін жеңілдетуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және елімізді кәсіпкерлікті дамыту үшін белгілі бір жағдайлар жасауға көңіл бөлетінін айтты. Сонымен қатар, бөлшек сауда салығын, есеп беруді және  қосылған құн салығын түсіндіру туралы сөз қозғалды.


Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 шілдесінде тамыз айында күшіне енетін Салық кодексіне  өзгерістер енгізу туралы бірқатар заңнамалық актілерге қол қойған болатын, деп еске салды Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Галина Бирюкова.

«Жаңа Кодекс мүлдем басқа құрылымға ие. Онда көптеген өзгерістер бар. Оның өзі «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін ол талқылау мен бекітудің жаңа кезеңдеріне өтеді. Біз өз ұсыныстарымызды енгізіп үлгердік. Егер айтарлықтай негіз болса, бизнес-қауымдастықтың да пікірлері ескерілетін болады», - деді ол.

Мемлекет басшысы Салық кодексінің жаңа редакциясына қол қойған өзгерістердің бірі жалпыға бірдей декларацияға, атап айтқанда 250-нысанға қатысты, деп толықтырды Галина Бирюкова. Тағы бір жаңалық, халықаралық мамандандырылған көрмелерді өткізу кезінде ұйымдар үшін мүлік салығының төмендетілген мөлшерлемесі қамтамасыз етіледі. Ғылыми орталықтарды құру кезінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қосымша жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

«Интернет-платформа операторлары әлеуметтік аударымдарды төлеушілер, сондай-ақ жеке кәсіпкер үшін МЗЖ төлеу агенттері болып танылады. Салық кодексінде бақылау шараларының орнына хабарлама тәжірибесіне баса назар аударылады деп болжануда. Есеп беру ұсынылмаған жағдайда ол қосымша есеп беру құқығымен нөлдік есеп ретінде есептеледі. Бұл ретте, біз бірнеше рет ұсынған әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды, - деді салық қызметкері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер