«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында "Атамекен" алкогольді сату туралы заңды бизнеске түсіндіру бойынша топтар құруды ұсынды

2024 жылғы 24 Мамыр
- Павлодар облысы
6777 просмотров

Аудан прокуратурасымен бірлесе отырып, бизнес-қоғамдастықпен кездесуді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Шарбақты аудандық филиалы аудандық әкімшілік ғимаратында ұйымдастырды.

Әңгімеге шағын, орта бизнесті тексеруге мораторийдің аяқталуы және мемлекеттік органдар бастаған осы тексерулер нәтижелерінің көңіл толмайтын статистикасы себеп болды. Кездесуге Шарбақты ауданының прокуроры Рүстем Есенов, кәсіпкерлер, жергілікті, аумақтық атқарушы органдардың өкілдері және аудан полициясы қатысты.

Кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу ережелері түсіндірілді. "Атамекен" палатасының Шарбақты филиалының директоры Қайырбек Құлымбенов құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін прокуратураның, полицияның, мемлекеттік кірістер басқармасының және кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің қатысуымен бизнеске алкоголь сату жөніндегі заңнама нормаларын түсіндіру үшін бақылау-рейдтік топтар құру туралы ұсыныс енгізді.

Шалғайдағы ауылдарда заңсыз сауданың жолын кесу үшін осы бағытта учаскелік полиция инспекторлары мен ауылдық округ әкімдеріне бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды. Алкоголь және темекі өнімдерін өткізудің заңдылығы мен тіркелуі үшін кәмелетке толмаған кәсіпкерлік субъектілеріне кассалық залдарда бейнебақылау камераларын орнату ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер