«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» басшысы «алтын инвестормен» кездесті

2024 жылғы 23 Мамыр
- Павлодар облысы
6164 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС өкілімен кездесіп, құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды талқылады.

"Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты" ЖШС өкілімен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов кездесу өткізді. Құрамында алтыны бар концентраттарды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жолдары талқыланды.

 "Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты" ЖШС бұл жобаны 2023 жылдан іске асыруда. Жобаны енгізу 2028 жылға жоспарланған.

 Бүгінде алдын-ала жобалау жұмыстары және инженерлік ізденістер жалғасуда.

 "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов аталған жоба бойынша қолдау көрсетіп, компания өкілі-инвесторға кәсіпкерлер палатасының және оның алаңында жұмыс істейтін фронт-офистің қызметтерін ұсынды.

 Жоба инвесторы - халықаралық алтын өндіруші компания «Polymetal». Құрамында алтыны бар концентраттарды өңдеу іске қосылған соң жылына 300 000 тонна тауар алып, 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны-343 миллиард 419 миллион теңге.

 "Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты" ЖШС Кәсіпкерлер палатасына сондай-ақ Қазақстан Республикасының ережелер жинағына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау туралы хатпен жүгінді. Себебі компания инвестициялық жобаны іске асыру кезінде жұмысқа кедергі келтіретін заңдық қақтығысқа тап болды.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" ҰКП орталық аппаратына аталған мәселені шешуге жәрдемдесу туралы хат дайындады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер