«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шиеліде кәсіпкерлермен кездесу өтті

2024 жылғы 23 Мамыр
- Қызылорда облысы
5239 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мемлекеттік және қаржы ұйымдарынан жұмысшы топ құрылып, аудан орталықтарында кәсіпкерлермен кездесу өткізіп келеді. Кезекті кездесу Шиелі ауданында жалғасын тапты.

Жиынды Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жүргізіп, жұмыс тобына сәттілік тіледі. Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық өз кезегінде жұмысшы топпен таныстырып, Атамекен кәсіпкерлер палатасының бизнес өкілдерін қорғау, қолдау мақсатында жасалып жатқан жұмыстарына тоқтала кетті.

"Қызылорда облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасы бүгінгі күні кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру үшін бар мүмкіндікті жасап келеді. Палатаға арыз-шағыммен, ұсыныспен келген әр кәсіп иесінің мәселесін біз жеке-дара қарап отырамыз. Ал, ұжымдық ауқымды проблемалар кеңесте қаралып, жоғары жақа ұсынылып отырады. Осы ретте, кәсіпкерлердің салық құнын азайту, пайыздық мөлшерлемені көтермеу, заңдарды қайта қарау сияқты көптеген мәселе бүгінгі күні Атамекен ҰКП арқасында шешімін тапты" - деді Пірмұхаммед Сыздық.

Сондай-ақ, құзырлы орган өкілдері халық арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар бизнес өкілдерін кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіп бастау тәсілдерін және оның оңтайландырылған жолдарымен таныстырды. Аудан прокуроры өз кезегінде прокуратура тарапынан кәсіпкерлерге әрқашан қолдау болатындығын жеткізді.

Жиын қорытындысында кәсіпкерлер өз мәселелеріне қатысты сұрақтарға тиісті жауаптарын алды. Алдағы уақытта ұсыныстар Палата кеңестерінде талқыланып, мәселелердің шешілуі бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Кездесуден соң жұмысшы топ жергілікті кәсіпкерліктің өсуіне зор үлес қосып келетін Тұзды шахта, «Шиелі шұжық» ЖШС және «Оразбек» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер