«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кедендік реттеуге басымдық. «Атамекен» ҰКП мен KPMG ынтымақтастықты нығайтады

2024 жылғы 27 Наурыз
3059 просмотров

Дереккөз: michaeltayloragency.com

2024 жылғы 27 наурызда «Атамекен» ҰКП алаңында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.

Қол қою рәсіміне «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов және KPMG Caucasus and Central Asia серіктесі Вячеслав Сосновский қатысты.

Меморандум келесі бағыттардағы ынтымақтастықты көздейді:

- кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- сауда және кедендік рәсімдерді жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- кедендік реттеу саласында бірлескен зерттеулер жүргізу;

- әр түрлі форматтарды (онлайн/офлайн) пайдалана отырып, кедендік реттеу бойынша семинарлар (вебинарлар) өткізу.

 

Нарықтардың жаһандануы, жеткізу тізбегінің өзгеруі жағдайында бизнеске Қазақстан мен ЕАЭО кеден заңнамасымен шектелмейтін кедендік реттеу саласындағы кәсіби консультациялар қажет.

KPMG Caucasus and Central Asia Қазақстанда, Әзербайжанда, Грузияда, Арменияда, Қырғызстанда және Өзбекстанда өз кеңселері әрбір жеке құзырет бойынша өзінің кәсіби қызметтерін ұсына алады.

Меморандум ұлттық және шетелдік инвесторларға іскерлік, инвестициялық ахуалды, тұрақтылықты одан әрі жақсартуға, елде бизнес жүргізу жағдайларын дамыту мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер