«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық "Атамекен" материалдар өндірушілері мен "жайлы мектептерді" салушыларды келіссөз үстеліне отырғызды

2024 жылғы 28 Ақпан
- Павлодар облысы
7757 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша жұмыс істейтін отандық құрылыс материалдарын өндірушілер мен бас мердігерлердің В2В кездесуі өтті.

Келіссөздердің модераторы "Атамекен" ӨКП директорының орынбасары Жомарт Сембаев болды. Осы жоба аясында салынып жатқан оқу орындары үшін кірпіш, плиталар, екі қабатты терезелер және басқа да құрылыс материалдарын шығаратын қазақстандық компаниялардың өкілдері жиналыста құрылыс салушылардың жұмыстарды жүргізу үшін қажет нәрсенің бәрін қазақстандық өндірушілерден сатып алу міндеттемелері туралы еске салды.

Осы жоба аясында жайлы мектептер салу бойынша ағымдағы жұмыстар барысында Қазақстанда 2024 жылы 208 жайлы мектеп салу жоспарланған. "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасының қолданыстағы шарттары бойынша мектептерді жобалау процесінде құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен қазақстандық мазмұндағы жабдықтарды таңдау кезінде жобалаушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорын басшылыққа алуы қажет.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасына қатысуға мүдделі кәсіпкерлер өндірілетін жиһаз өнімдерінің, құрылыс материалдары мен жабдықтардың бағаларын қосуы немесе "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ сметалық бағалар жинағының жобаларындағы ағымдағы бағаларды қайта тексеруі қажет", - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Павлодарда осы жоба аясында бес мектеп салу жоспарланған. Олардың екеуі қазірдің өзінде тұрғызыла бастады. "VentKarkaraServis" ЖШС Достық шағын ауданында 600 орындық мектеп (мемлекеттік тілде оқытатын № 47 ОМ), ал "Ай-Су Мелиорация" фирмасы ЖШС – 1200 орындық мектеп салып жатыр.

Құрылысқа тапсырыс беруші үлгілік жобалар бойынша "Samruk-Kazyna Construction" АҚ, әкімдік сыртқы инженерлік желілер құрылысына тапсырыс беруші болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер