«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенге» — алғыс білдіру

2024 жылғы 10 Қаңтар
- Павлодар облысы
8284 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының атына өңірдің бизнес субъектілерінен алғыс сөздер келіп түсуде.
Кезекті хат "Снаб. плюс ПВ" ЖШС директоры Нұрдәулет Тасболатұлы Дәулетқұловтан келді.

"Құрметті Ерқанат Қайратұлы!
Осы хатпен "Снаб. плюс ПВ" ЖШС біздің бизнес-идеяларымызды жүзеге асыруға көмектескені үшін сіздің ұйымыңызға шын жүректен алғыс білдіреді.
Менеджер-кеңесші Наталья Валерьевна Кучерукқа атқарған кәсіби жұмысы үшін жеке алғысымызды білдіреміз. Үш жылға жуық уақыттан бері біз оған бизнес-жоспар әзірлеуде көмек сұрап келеміз. Барлық кезеңде – техникалық шарттарды толтырудан бастап, дайын бизнес-жоспарға толықтырулар енгізуге дейін – Наталья Валерьевна бізге сауатты түрде кеңес берді, біз үшін қиын болған мәселелерді түсінуге көмектесті, жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашық болды.
2022 және 2023 жылдары "Снаб. плюс ПВ" ЖШС үшін әзірленген жобалар сәтті қаржыландырылып, барынша тиімді және қысқа мерзімде іске асырылғанын ерекше атап өткім келеді.
Ұйымыңызға одан әрі даму мен табыс тілейміз!".


Еншілес ұйымдар

Серіктестер