«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық "Атамекен" және ПМХЗ офтейк-келісімшарттар жасасу тәртібі туралы хабарлайды

2024 жылғы 05 Қаңтар
- Павлодар облысы
9187 просмотров

Мемлекет басшысының импортты алмастыру туралы тапсырмасын орындау аясында "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС ұсынысы бойынша Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы өз алаңында өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кеңесінің отырысын өткізді.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ел Үкіметі 2025 жылға дейін импортты алмастыру бағдарламасын дайындады. Оны жүзеге асыру жаңа өндірістердің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және салық салу базасын арттыруға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты республика халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 6-тармағын іске асыру шеңберінде реттелетін сатып алулардағы отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың үлесін он пайызға дейін жеткізу және реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін үш жыл ішінде кемінде 60 пайызға дейін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігі бар.


Осыған байланысты Павлодар кәсіпкерлер палатасы мен "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бизнесті "Самұрық-Қазына "Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және қатысу үлесінің 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында" АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың офтейк-келісімшарттарды жасасу және орындау тәртібі туралы хабардар етеді.


"Самұрық-Қазына "Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен отандық компаниялардың офтейк-келісімшарттарын жасасу және орындау тәртібі де Қазақстанда жаңа өндірістерді ынталандыруға және құруға арналған. Ол жаңа өндірістер құру жөніндегі жобаларға бастамашылық жасау, қарау, келісу, бекіту тетігін көздейді. Тәртіптің мақсаты-импортты алмастыру үшін жобаларды іріктеу.


Осы тәртіп бойынша Тапсырыс беруші жаңа өндірістер құру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті өнім беруші өндірген тауарды сатып алған жағдайда, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС – нің бағалық маркетингтік қорытындысы негізінде офтейк-келісімшарт жасаса, тендерлік немесе өзге де бәсекелестік сатып алуды өткізбей, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізуге міндетті.


Мұндай келісімшарттарды жасасу және орындау тәртібіне қатысудың негізгі шарттары-тауарға ұзақ мерзімді қажеттілік, ұқсас өнімді отандық өндірушілердің болмауына байланысты осы тауардың импорты болуы.
Тәртіп келесідей жүзеге асырылады. "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС қазір "Самұрық-Қазына"АҚ ұйымдарының тобы импорттайтын тауарлар пулын қалыптастырды. Бұл тізбе "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС Бас директорының бұйрығымен бекітіледі және сайтта жарияланады. Тауарлар пулы тоқсан сайын өзектендіріледі.


Бұл ретте қазақстандық кәсіпкерлердің ұсыныстарды жіберуге тауарлардың осы пулына жаңа өнімді енгізуге мүмкіндігі бар.
Жобаны іске асырудың соңғы кезеңінде "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен және тапсырыс берушілерден мониторингтік топ құрады. Топ өтінімде (бизнес-жоспарда) және жасалған офтейк-келісімшартта көрсетілген кәсіпкердің мәлімделген көрсеткіштерінің, сондай-ақ Жобаны бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштеріне сәйкестігін немесе сәйкесстігін анықтау үшін өндірістік алаңға көшпелі техникалық байқау жүргізеді.

"Офтейк-келісімшарттарды жасасу және орындау рәсімінен өту туралы толық ақпарат алу үшін Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңызды сұраймыз", - дейді "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

Тел.: +7 (7182) 654415, 660311, 654412. мекен-жайы: 140000, Павлодар қ., Луговая к-сі, 16, 3 қабат. pavlodar@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер