«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық "Атамекен" және прокуратура кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын қолдау бойынша жұмысты күшейтуде

2024 жылғы 05 Қаңтар
- Павлодар облысы
7580 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында өңір компаниялары өкілдерінің қала прокуратурасымен кездесуінде кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президентінің инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде проблемалық мәселелерді белгілеу және шешу туралы тапсырмасын орындай отырып, "Атамекен" ӨКП прокуратура органдарымен бірлесіп, оларды одан әрі сүйемелдеу үшін осындай жобалардың пулын өзектендіреді.

"Осы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін қадағалау органы өз кәсіпорындарында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін бизнес өкілдерін қабылдауды ұйымдастырды", - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Өз мәселелерін "RTF ACTIKA" ЖШС, "Енергоремкомплект" ЖШС, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС, "Format Mach Company" ЖШС, "INTERTRANS C. A." ЖШС өкілдері айтып берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер