«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық "Атамекен" туралы пікірлер жинағы!

2024 жылғы 03 Қаңтар
- Павлодар облысы
9146 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен қызметкерлеріміздің еңбегі үшін алғыс сөздері үнемі түсіп тұрады.
Пікірдің бірі Кенжекөл ауылындағы жеке кәсіпкер Әбенова Дәметкен Тұрсынқызынан.

"Мен Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына кіріп, орта және шағын бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөнінде кеңес беруімді өтіндім. Қызметкерлер маған мемлекеттен қаржылай қолдаудың барлық шарттарын толық түсіндіріп, ауылдық жерлердегі бизнес өкілдері үшін құрылған "Ауыл аманаты" бағдарламасы туралы айтып берді. Олардың көмегінен кейін мен "Павлодар" ӘКК" АҚ-ға барлық қажетті құжаттарды жинап, тапсырдым. Маған бизнес-жоспар құруға көмектесті. Мен бес жылға алты миллион теңге көлемінде 2,5 пайызбен несие алдым. Ол менің қызметіме берілді, мен суды тазарту және сүзу құрылғыларын орнатумен айналысамын. Мен жетістікке жеттім. Қазір кәсіпорын жұмыс істейді, адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы жалдады.
Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі менеджер-кеңесші Айгүл Болатқызы Маймышеваға және Павлодар облысы "Атамекен" палатасының директоры Ерқанат Қайратұлы Әбеновке алғысымды білдіргім келеді. Палатада маған осы бағдарламаның әкімшісі кім, ол қандай мекен-жайда, кімге жүгіну керек, конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін тіркеуден қалай өту керек және бизнес-жоспар дайындау туралы егжей-тегжейлі, кезең-кезеңімен айтып берді. Маған қажетті ақпараты бар барлық интернет-ресурстар көрсетілді. Олардың консультацияларының арқасында мен осы жеңілдетілген несиені ала алдым деп ойлаймын.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұжымына алдағы уақытта табысты қызмет, жаңа жетістіктер, жұмыста жеңістер тілеймін, сонда оның күш-жігері қазақстандық бизнеске көмектесе алады".


Еншілес ұйымдар

Серіктестер