Павлодар кәсіпкерлер палатасында 29 фермерге оқу өтті
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша Шарбақты ауданында шағын және орта бизнес өкілдеріне « ірі қара мал шаруашылығы: сүт және ет» тақырыбында оқу өткізді.
Мұндай салалық оқудың мақсаты жергілікті кәсіпкерлердің біліктілігі мен дағдыларын арттыру болды. Сонымен қатар, курстың мақсаты – сүт бизнесіне деген сұранысты арттыру, сондай-ақ жергілікті бизнес субъектілерінің азық-түлік базасын, шикізаты мен жабдықтарын дамыту.
«Бұл оқу «Мен кәсіпкер» бағдарламасының кәсіпкерлік әлеуетін дамыту бағыттарының бірій, – деп нақтылады Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Біліктілікті арттырудан 29 кәсіпкер өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: