МАӘС басшысы павлодарлық «Атамекенде» бизнеске кеңес береді
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша бизнес субъектілеріне консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.
Кездесу 9 қарашаға жоспарланған.
«МАӘС қазыларымен құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланған тұрақты семинарлар, «дөңгелек үстел» отырысы шеңберінде Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесуге болады», – дейді «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.
Жеке қабылдауға жазылу үшін Павлодар облысы аәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөліміне хабарласуды сұраймыз: 8 7182 660311 (ішкі. 5518), 87002946385 (Гүлнар).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: