«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар ӨКП арбитраж орталығы кәсіпкерлер арасындағы ықтимал дауларды шешеді

2023 жылғы 27 Қазан
- Павлодар облысы
7033 просмотров

«Атамекен» Ұлттық Ккәсіпкерлер палатасының арбитраж орталығы бизнес субъектілері арасындағы ықтимал дауларды шешеді. Бұл орталық жеке компанияларға контрагенттермен сенімді және тұрақты өзара әрекеттесуге көмектеседі.
Кәсіпкерлер палатасының арбитраж орталығында дауларды қарау компаниялар үшін мемлекеттік соттардың қарауына қарағанда бірқатар артықшылыққа ие.
Біріншіден, бұл кәсіби және тәуелсіз төрешілерді – Қазақстанның және шет елдердің үздік заңгерлерін, салалық мамандарын сайлау мүмкіндігі, төрешілердің негізделген және әділ шешімдер шығаруының кепілі. Сонымен қатар, төрелік шешімдердің заңды күші сот шешімдерімен бірдей.
Екіншіден, бұл түпкілікті шешімді жедел алу. Талап арыз берілген сәттен бастап орта есеппен үш ай. Төрелік істі апелляциясыз және кассациясыз бір сатыда шешеді.
Үшіншіден, бұл іс жүргізу кезінде тараптардың талап-тілектерін басшылыққа алу. Клиентке бағдарланған тәсілді ескере отырып, іс жүргізуге қатысудың икемділігі мен ыңғайлылығы қамтамасыз етіледі. Тараптардың өздері дауды қарау тәртібін анықтай алады. Төрелік орталықтың хатшылығы қажетті консультациялар жүргізеді.
Төртіншіден, талапкерлер баж салығына төленетін қаржыны үнемдейді. Арбитраж орталықтағы алымдар сомасы соттардағы және басқа абитраждардағы мемлекеттік баж сомасынан төмен. Егер соттардағы баж сомасы талап қою бағасының үш пайызын құраса, арбитраж орталықтағы алым сомасы талап қою бағасының 0,5 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Бесіншіден, арбитраж орталығы шетелдік төрелік шешімдерді орындау туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес төрешілердің шетелдегі шешімдерді үздік орындауын қамтамасыз етеді. Қазақстанның осы Конвенцияға қатысуы әлемнің 178 елінде төрелік шешімді орындауға мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік соттың шешімін мемлекетаралық келісімдер болған жағдайда 22 елде ғана орындауға болады
Қорытындылай келе, алтыншы артықшылық – іс жүргізудің құпиялылығы: іс жүргізу фактісі мен соңғы шешімді үшінші тұлғаларға жария ету мүмкін емес. Тиісті міндет «Төрелік туралы» заңда бекітілген.
Төрелік орталық «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң бойынша құрылған. Төрелік орталықтың жалғыз қатысушысы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің хабарламасы бойынша Арбитраж орталығы 1961 жылғы сыртқы сауда төрелігі туралы Еуропалық конвенция бойынша құзыретті органның функцияларын жүзеге асырады. Егер тараптар дауларды арбитражда қарауды анықтаса, бірақ қайсысы екенін көрсетпесе, орталық дауды қарастыра алады.

«Арбитраж орталығы төрелік нарықта және заң қауымдастығында жақсы беделге ие болды. 300-ден астам компания шарттарға арбитраж орталықтың үлгілік төрелік ескертпесін енгізуді жалғастырып жатыр», – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер