«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» және прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис ашты

2023 жылғы 24 Қазан
- Павлодар облысы
5279 просмотров

Инвесторларға өз құқығын қорғауда құқықтық көмек беретін фронт-офис Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының базасында ашылды. Фронт-офистің функциялары туралы ӨКП алаңындағы кездесуде айтылды.


Кездесуге кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, бизнес өкілдері қатысты.
Павлодар облысы прокурорының орынбасары Әділет Сыздықов қадағалау органы атынан жұмыс істейтін бизнесті қорғаудың мобильді топтарының үлгісі бойынша фронт-офистің ашылуымен кәсіпкерлермен тікелей байланыс ұйымдастырылатынын айтты. Енді прокурорлар инвестиция салу кезінде қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер үшін құқықтық кеңестер өткізетін болады.

«Ол үшін құқықтық консультациялар беру және осы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге жәрдемдесу жөніндегі фронт-офис құрылды. Инвесторлар бұл туралы бұрыннан біледі. Прокуратурада қадағалау органы құзыретті мемлекеттік мекемелермен бірге ілгерілетуге тиіс инвестициялық жобалар пулы бар», – деді Әділет Сыздықов.

Фронт-офис құрамына Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ өңірлік өкілдігі, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары кірді. Бұл алаңның негізгі міндеттері – инвесторлардың бұзылған құқығын қорғау және уақтылы қалпына келтіру, жобаларды іске асыру үшін әрбір проблеманы зерделеу, инвесторлардың құқығын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.

«Инвесторларды осы жұмысқа белсенді қатысуға, өз пікірін айтудан қорықпауға, мемлекеттік органдарды орынды сынауға шақырамыз. Мұның бәрі сіз бен біз үшін құрылымды шешімдер әзірлеу үшін қажет», – деді Павлодар облысы прокурорының орынбасары.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов фронт офисті ашу – уақтылы қадам екенін атап өтті. Өңірде жүзеге асырылып жатқан көптеген мәселені «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ сүйемелдейді және сыртқы істер министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің назарында болады.

«Бұл шаралар өңіріміздің дамуына жалпы экономикалық тиімді әсер етеді. Қалалық билік деңгейінде ғана емес, кәсіпкерлік бөлімі мен көптеген инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан арнайы экономикалық аймақ деңгейінде де талқылауды қажет ететін мәселелер бар. Павлодар облысында жұмыс орындарын ашу, қазынаны толықтыру, өнімді өткізу, кәсіпкерлік субъектілерінің өздеріне табыс әкелетін экономикалық ғана емес, жалпы мультипликативті нәтиже беретін бірнеше жоба бар. Сайып келгенде, бұл біздің өңірдің экономикасына оң әсер етеді», – деді спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер