«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында  креатив индустрияның дамуы туралы айтылды

2023 жылғы 11 Қазан
- Павлодар облысы
6206 просмотров

Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері өңірдің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының алаңында экономиканың креатив секторын дамытуға тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өткізді.


Бизнес өкілдеріне зияткерлік меншік объектілерін қалай қорғау керегі, экономикалық қызметтің қандай түрлері креатив индустрияларға жататыны туралы айтылды.


Кәсіпкерлерге Қазақстан Президентінің  халыққа жолдауында медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технологиялар саласын және зияткерлік меншікті қорғауды қамтитын экономиканың креатив секторын дамыту туралы айтылғаны туралы айтылды.

"Экономиканың креатив секторы – қызықты сала. Оның әлеуеті зор, бұл тұрғыда павлодарлық бизнесті дамытуға үлкен өріс бар", - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер