«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнеспен көшпелі кездесу өткізеді

2023 жылғы 19 Шілде
- Павлодар облысы
7822 просмотров

21 шілдеде Новоямышево ауылында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге "Мен Кәсіпкер" бағдарламасына қатысу шарттары айтылады

"Мен кәсіпкер" бағдарламасы биыл іске асырыла бастады, оған үш құрал кіреді: "Кәсіпке бағыт" - бұл салалық оқыту, "Бір ауыл – бір өнім" (БАБӨ) және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары", - дейді кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әсия Закарьянова.

2023 жылғы 21 шілдеде Новоямышево ауылында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша қатысу шарттары бойынша көшпелі ақпараттық кездесу өткізеді.

"Кәсіпке бағыт" жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында құзыреттерді оқытуға және салалық (бейіндік) оқытуға бағытталған.

Кездесу сағат 10.00-де Новоямышево ауылы, Қонаев көшесі 4 мекенжайы бойынша ауыл әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.

Өтінімдер 2023 жылғы "31" тамызға дейін сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

ӨКП-ның байланыс тұлғасы Әлиева Эльмира Әубашқызы, менеджер-кеңесші 87772033676, 87474125523

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, ЖК, ЖШС, ШҚ және т. б. тіркеу туралы куәлік болуы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер