Павлодарлық «Атамекен» кәсіпкерлерді «Qazaqstan Project Management Awards - 2023» Ұлттық байқауына қатысуға шақырады
«Qazaqstan Project Management Awards - 2023» жобалық басқару ұлттық байқауына өтінімдер 10 шілдеге дейін https://qazpma.gov.kz/ сайтында қабылданады.
Ол үш санат бойынша өтеді: «Үздік жобалық кеңсе», «Үздік жоба» және «Үздік жоба менеджері». Байқаудың «Үздік гендерлік жоба», «Балаға мейірімді ең жақсы жоба», «Экологиялық таза жоба» номинациялары бойынша да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
"Әр номинация бойынша «алтын», «күміс» және «қола» жеңімпаздары анықталады. Бір мемлекеттік органнан және/немесе ұйымнан түскен өтініштер саны шектелмейді", - деп хабарлады Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы.
Қорытындылау 2023 жылдың қыркүйегінде Digital Bridge халықаралық форумында өтеді.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сіздерді жоғарыда аталған номинациялар бойынша Ұлттық конкурсқа белсенді қатысуға және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуын қамтамасыз етуге шақырады.
Барлық сұрақтар бойынша Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына 8 777 317 9999 («Атамекен» ӨКП директорының міндетін атқарушы Мубарак Кажимуратович Жакупов), сондай-ақ Цифрлық үкіметті қолдау орталығына 87774734271 (Айгуль Айткожина), 87782286890 (Айгерим Маликова) және 87072152288 (Тогжан Аскерова).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: