«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

2023 жылғы 27 Маусым
- Павлодар облысы
8002 просмотров

Қазақстанның байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы республикалық және өңірлік БАҚ қызметкерлерін атап өтті.

«Павлодар облысындағы бизнестің жетістіктері мен проблемаларын, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының және барлық кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын көрсетудегі жұмысыңызды жоғары бағалаймыз. Жүйелі ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс айта отырып, зор денсаулық, жұмыстарыңызға одан әрі табыс, үлкен шығармашылық табыстар тілейміз», - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Мүбарак Жақыпов.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың алғыс хатымен «Agroqogam» ауылшаруашылық қоғамдастығының ақпараттық порталының тілшісі Станислав Манаков, «Atameken Business» телеарнасының тілшісі Есенбек Санатұлы және «Халық радиосы» ЖШС журналисі Гульаем Тасова марапатталды.


Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушысы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды «Atameken Business» телеарнасының бейнеоператоры Қайрат Алпысбаев, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Мұрат Аяғанов, «Ирбис» телеарнасының арнайы тілшісі Дархан Бекішев, «Ирбис» телеарнасының арнайы тілшісі Артём Буланов, «Звезда Прииртышья» газетінің шолушысы Галина Егорова, «Сарыарқа Самалы» газетінің бас редакторы Құндыз Қабылденова, «Ирбис» телеарнасының бейнеоператоры Александр Колесников , Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің тілші редакторы Оразбек Саяхат пен «Типичный Павлодар» жоба командасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер