«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар «Атамекенінде» кәсіпкерлерді сот төрағасы қабылдады

2023 жылғы 12 Маусым
- Павлодар облысы
6969 просмотров

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Әділет Бақтияров кәсіпкерлік субъектілеріне сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша консультация өткізді.

Кәсіпкерлерді қабылдау сот пен Палата арасында жасалған меморандум аясында өтті. Ә.Бақтияров өзіне үш кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері келген сауалдарға жауап беріп, түсініктеме берді. Дәл осындай бірінші кездесу мамыр айында өтті, келесісі шілде айына жоспарланған.

«МАӘС қазыларымен құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру үшін жоспарланған тұрақты семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары шеңберінде Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында да кездесуге болады», - деп атап өтті «Атамекен» Павлодар ӨКП.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер