«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде» әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының қолжетімділігі талқыланды

2023 жылғы 08 Маусым
- Павлодар облысы
6149 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіптік кешен салалық кеңесінің отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен тауарларды қайта өңдейтін кәсіпорындарды субсидиялау талқыланды.


Кездесуде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және осы Кеңестің барлық басқа секторларының мәселелері талқыланды.

«Өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Бизнестің қарсы міндеттемелерімен «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ базасында импакт-инвестицияларды дамыту қажет. Оның ішінде республикалық немесе жергілікті бюджеттен заңды тұлғалар үшін 2,5 пайызбен кредит беру түріндегі жобаларды айқындау бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңес мүшелерін қоса отырып, комиссия құру қажет», - деп атап өтті «Атамекен» ӨКП-сы.

Отырыс барысында шаруаларға өңірдің ет шаруашылықтары үшін ірі қара мал басына жұмсалған шығынды өтеу, ақбөкендердің ауыл шаруашылығы алқаптарын таптау мәселесі және балық шаруашылықтары мәселелері көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер