«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» ауыл кәсіпкерлеріне бизнесті қолдаудың жаңа құралдарын түсіндірді

2023 жылғы 31 Мамыр
- Павлодар облысы
6120 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерін, шаруаларды «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша оқуға тарту және алдағы «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне әлеуетті қатысушылар туралы ақпарат жинау мақсатында Железин және Тереңкөл ауылдарында болды.


Палата консультанттары мен тәлімгері кәсіпкерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіріп, кездесуге қатысушылардан арнайы әзірленген сауалнамаларды толтыруды сұрады.

«Отырысқа қатысушыларды «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу және кәсіпкерлікті дамытуға 5 млн теңгеге дейін несие алу шарттары қызықтырды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - деп атап өтті «Атамекен» ӨКП-сы.

Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Павлодар қаласының «Атамекен» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына: Луговая, 16, бірінші қабат көшесі бойынша ала аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер