«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Семейде 2025 жылы ет комбинаты ашылады

2023 жылғы 30 Мамыр
4236 просмотров

Семейде ірі ет комбинатын 2025 жылы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын өнімді экспорт пен ішкі нарыққа жеткізетін болады.

Инвестор «Еуразия АгроХолдинг» компаниясы комбинат салуға қажетті жер учаскесін алды. Ет комбинаты Абай облысының Шақаман ауылында орналасады. Қаржыландыру меншікті қаражаттың 30%-ы жеке қаражат, қалғаны – РБК банкіден алынған несие есебінен жүзеге асырылатын болады.

 Жоба құны шамамен 9 млрд теңгені құрайды. Жоба іске асырылса, жұмыстың алғашқы кезеңінде 250 жұмыс орны құрылады. Бұл ірі жоба экспорттан басқа ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «Жаңа ет комбинаты мал союдан бастап, өнімді экспорттауға дейін өндірістің толық процессін жүзеге асырады. Кәсіпорында қуаттылығы ауысымына 200 бас ірі қара мал сою және ауысымына 1400 бас ұсақ мал сою желілері бар. Сонымен қатар ет комбинатына ауысымына 5 тонна шұжық цехы және ауысымына 12 тонна өнімділігі бар консерві цехы кіреді. Сондай-ақ ет комбинаты бойынша мемлекет қаржыландыратын қосымша 4 жоба іске асырылатын болады: қазандық, тазарту құрылғылары, электр беру желілері, су құбыры салынады», – деді Абай өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары.

 Қазіргі кезде инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстары, су алу жүйесінің техникалық жай-күйін кешенді тексеру, су тартуды гидрогеологиялық тексеру жүргізілді. Сараптама маусым айының ортасына дейін аяқталады, ал зауытты 2025 жылға дейін толық іске қосу жоспарланған.

 Еске салсақ, Ұлттық палата басшылығы мен сарапшылар өңірлерге барып, ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпкерлік әлеуетті қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер