«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бөлшек салық мөлшерлемесінің төмендеуі мәслихаттарға байланысты

2023 жылғы 23 Мамыр
5820 просмотров

Мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін төмендете ме, кәсіпкер арнайы салық режиміне қалай ауысады және қажет болған жағдайда оңайлатылған режимге қайтуға болатыны туралы мәліметтер бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Ұлттық экономика министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жаңа салық режимін түсіндіру бойынша семинар барысында айтты.

 Бүгін бөлшек салыққа 190 қызмет түрі кіреді. Атап айтқанда, бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш өңдеу, сырлау және сылақ жұмыстары, жолаушы тасымалы, сондай-ақ қоғамдық тамақтану және т.б.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, кәсіпкерлерде бөлшек салық енгізуге байланысты көптеген сұрақ бар.

 «Кәсіпкерлер мәслихаттар мөлшерлемені 50 пайызға түсіре ме, соны білгісі келеді. Егер түсіретін болса, қашан қолға алады? Кейбір сала бөлшек салыққа жатады, кейбірі неге жатпайды? Сұрақ көп. Бүгін біз бүгін құзыретті органдарды әр сұраққа түсініктеме беруді сұрадық», – деді Тимур Жаркенов.

Семинар барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев бөлшек салықты енгізу бизнеске ашық жұмыс істеуге, оның ішінде азаматтардың барлық еңбек қатынасын заңдастыруға мүмкіндік беретінін, ал 2 млрд теңге шегі бизнесті бөлшектеу қажеттілігінен құтқаратынын және барлық активті «бір қолда» ұстауға қолайлы екенін атап өтті.

Сонымен қатар спикер мәслихаттар депутаттарын қызмет түрлерінің орналасқан жеріне байланысты бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығын пайдалануға шақырды.

 «Биыл жергілікті атқарушы органдар бұл құқықты 1 шілдеге дейін іске асыруы керек. Сондықтан жергілікті өкілді органдар асықпай жатыр деген әңгімелер жоғарыда ешқандай нұсқау жоқ дегенді білдіреді. Жергілікті атқарушы органдарға нұсқау беруге ешкімнің құқығы жоқ екенін атап өткен жөн. Бұл салық кодексіндегі құзырет және оны мәслихаттар жүзеге асыруы керек. Бұл заңды құқық, сондықтан біздің депутаттар осы құқықпен жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, қазір депутаттық корпустың басым бөлігі бизнеспен айналысқан азаматтар», – деп толықтырды спикер.

 Ол сондай-ақ мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдаған кезде жергілікті мемлекеттік кіріс органдарымен кеңесуге болатынын айтты. Өйткені оларда белгілі бір ауданның салық жүктемесі туралы ақпарат бар.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғалар және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Арман Тянның айтуынша, бүгінгі таңда үш мыңнан астам қазақстандық салық төлеуші жеңілдетілген бөлшек салық режимін қолдануға өтініш берген.

 «Бөлшек салыққа жататын қызмет түрлерінің бекітілген тізімі болмағандықтан, кәсіпкерлер тарапынан белгісіздік болды. Енді тізім анықталғаннан кейін кәсіпкерлер жаңа салық режиміне белсенді ауысады деп ойлаймыз», – деп бөлісті Арман Тян.

 Бөлшек салықтың арнайы салық режиміне жататын қызмет түрлерінің тізімі бүгін Үкіметтің қаулысымен бекітілді.

Еске салсақ, бөлшек салықты жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал кірісі күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады. Сондай-ақ, бөлшек салықты қолданатын кәсіпкерлер жұмысшылардың кірістерінен бірыңғай төлем төлей алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер