«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде»  кәсіпкерлер құқық қолдану практикасына түсінік алу үшін мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесе алады

2023 жылғы 15 Мамыр
- Павлодар облысы
6955 просмотров

Павлодар облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы Арман Жүнісов «Атамекен» өңірлік палатасында кәсіпкерлердің жеке қабылдауын өткізді.


Басқарма басшысы бірнеше кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, олармен бірден бірнеше мәселені талқылады. Олар жер теліміне қатысты даулар, облыс өнімдерін экспорттаушылардың қаржылық тазалығы және бір компания тап болған дағдарыс жағдайындағы дауларға тоқталды.

«Мемлекеттік органдардың басшыларымен «Атамекен» ӨКП-ның алаңында жоспарланған тұрақты семинарларда, құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру үшін "дөңгелек үстел" отырыстарында кездесуге болады", - деп түсіндірді Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында.

Өңірдің экономикалық тергеу департаментінің басшысының ӨКП-дағы мұндай кездесулері ай сайын болады деп жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер