«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы «Мен Кәсіпкер» кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасын енгізуде

2023 жылғы 12 Мамыр
- Павлодар облысы
7105 просмотров

Ол үш құралды қамтиды: «Кәсіпке бағыт» (салалық оқыту), әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары, «Бір ауыл – бір өнім (БАБӨ).

«Кәсіпке Бағыт» кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін құзыреттіліктерді оқытуды және салалық (бейіндік) оқытуды қамтиды. Бұл үшін микро, шағын және орта бизнес субъектілері қолайлы. Дайындықты өз бизнесі бар кәсіпкерлер, сарапшылар, оның ішінде белгілі бір салада тәжірибесі бар шетелдіктер, сондай-ақ технологтар, шеберлер, агрономдар, ветеринарлар жүргізеді.

«Оқыту Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында, оқу орталықтарында, колледждерде және кәсіпорындарда тікелей және онлайн режимінде zoom, telegram немесе whatsapp арқылы өтеді. Ол кемінде 36 сағатқа созылады (кәсіпорындағы тәжірибені қоса алғанда). Курстан кейінгі қолдау кем дегенде 3 айды қамтиды», - Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында атап өтілді.

Оқытуды ұйымдастыру процесі жеті кезеңнен тұрады: өтінімдерді жинау, ең көп сұранысқа ие білімді анықтау, топты қабылдау туралы хабарландыру орналастыру; топты жинау (кемінде 10 адам); қызмет көрсетушілерді іздеу, әлеуетті жеткізушілер арасында конкурс жариялау; көрсетілетін қызметті берушімен шарт жасасу, оқу бағдарламасын және қызмет алу шарттарын дайындау; бір салалық (бейінді) бағыт бойынша жылына бір реттен жиі емес оқу курсын қамтамасыз ету; тестілеу және оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар беру; жеке және/немесе топтық консультациялармен кемінде 3 ай бойы сарапшылардың курстан кейінгі онлайн немесе офлайн қолдауы.


Қажеттілікке қарай оқытудың бес бағыты бар: мал шаруашылығы (ірі қара немесе ұсақ мал, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы және т.б.), өсімдік шаруашылығы (жылыжай шаруашылығы, көкөніс өсіру және т.б.), ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (ірімшік жасау өндірісі, ет, сүт өңдеу және т.б.), өндірістік шағын цехтар (кондитерлік өнімдер, тігін цехы және т.б.), қызмет көрсету (сервис станциялары, шеберханалар, сұлулық салоны және т.б.).


"Бір ауыл - бір өнім" жобасы Жапонияда 1970 жылдары енгізілді. Негізін қалаушы-Морихико Хирамацу, Оита префектурасының бұрынғы губернаторы. Ол "Бір ауыл — бір өнім" қозғалысының бастамашысы және көшбасшысы болды, олар өз экономикасын жақсарту үшін әлеуетті табиғи ресурстарды пайдалану арқылы ауылдағы экономикалық құлдыраудың шешімдерін тапты. Бұл қағида қауымдастықтар қосылған құны жоғары тауарларды іріктеп өндіретіндігіне негізделген. Бір ауыл сату мен кірісті ұлғайту, осы елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін бизнес ретінде бір бәсекеге қабілетті және негізгі өнім шығарады. Осылайша, "БАБӨ" қозғалысы жергілікті құндылықты көрсете отырып және қоғамдастықтың өзін-өзі қамтамасыз ету рухын көтере отырып, әлемдік нарықтарда бәсекеге түсе алатын өнімдерді әзірлеуге тырысады.


Жобаға қатысушылар: Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі (кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, жобаға тапсырыс беруші), Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы (қаржылық емес қолдау операторы, жобаны орындаушы), Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA; жобаны әдіснамалық сүйемелдеу), өңірлік кәсіпкерлер палаталары (өңірлерде жобаны үйлестіру және іске асыру), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері (жобаны іске асыруға жәрдемдесу, өңірлерде бренд–комитеттерді қалыптастыру), іскер әйелдердің өңірлік кеңестері (өңірлерде жобаны іске асыруға жәрдемдесу).


"БАБӨ" миссиясы: жергілікті қауымдастықтардың шығармашылығы мен әлеуеті тиімді басшылық пен адами ресурстарды дамыту арқылы жанданатын ауылдық қауымдастықтарды дамыту. Жобаның мақсаты - жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтерді құру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру. Қатысушылар тұрғындар, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, стартаперлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жергілікті шикізаттан тауар өндірушілер болуы мүмкін. "БАБӨ" 2025 жылдың желтоқсан айына дейін іске асырылуда. Ұйымдастырушылар жергілікті шикізаттан өндірілетін кемінде 20 тауарды іріктеп алуға ниетті.


Қорытындылай келе, үшінші құрал – "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары" -бұл кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді қаржылай емес қолдауға арналған алаң, онда олар стартаптарды ынталандыру, қолданыстағы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларына қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында осындай орталық бар.
Орталық кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге және іскер әйелдерге қызмет көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер