«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде» бизнестің әлеуметтік төлемдері параметрлеріндегі өзгерістер түсіндірілді

2023 жылғы 04 Мамыр
- Павлодар облысы
6728 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өңірлік филиалының және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

«Әлеуметтік төлемдердің 2 түрінің параметрлері өзгертілді: жұмысынан айырылғаны үшін төленетін төлем орташа есеппен 13%-ға ұлғайтылды – табысты ауыстыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін өсті; бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала 1,5 жасқа толғанға дейін тағайындалады», - деді іс-шарада Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» филиалының өкілдері.

Олардың айтуынша, облыс бойынша 7599 алушы бұл төлем мерзімін 1,5 жылға дейін ұзартқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер