«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде» іскер әйелдерді Instagram желісінде бизнесін ілгерілету үшін оқытылды

2023 жылғы 28 Сәуір
- Павлодар облысы
5966 просмотров

Павлодар облысы ӨКП әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында кезекті мастер-класс өтті. Бұл жолы әлеуметтік желіде шағын және микробизнесті ілгерілетудің қыр-сыры бойынша.
Мастер-классты интернет-маркетинг бойынша маман, Торайғыров университеттің АйТи-мектебінің тәлімгері, "Boom studio" диджитал-агенттігінің негізін қалаушыларының бірі Ажар Аманжолова өткізді.
Мастер-класс қатысушылары нақты іс-қимыл жоспарын алды, оны орындай отырып, келесі күні клиенттерді алуға болады, өз бизнесіне клиенттің көзімен қарау мүмкіндігі, жаңа идеялар, сондай-ақ болжамды нәтиже алу үшін тапсырмаларды сауатты тапсыруға және мердігерлерді бақылауға мүмкіндік беретін құралдар және бағалау критерийлерінің тізімі.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жұмысы басымдықтар қатарында. Әйелдердің бизнесте табысқа жетіп, әрқашан жаңа бір нәрсені үйренуге тырысатыны қуантады», - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер