«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында «Ауыл АМАНАТЫ» бойынша кімге несие беруге болады

2023 жылғы 24 Сәуір
- Павлодар облысы
9334 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Ауыл АМАНАТЫ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша түсіндірме берді.
Облыстағы «Ауыл АМАНАТЫ» ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру,  тұрғындардың бірқатар санаттарын қолдауға арналған бағдарламасы:
- тұрақты жұмысы және табысы жоқ азаматтар (жұмыссыздар);
- ісін жаңадан бастаған және қазіргі кәсіпкерлер;
- қысқартылған жұмыскерлер;
- табыс алу бойынша тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;
- отбасылық кәсіпкерлікте ақысыз қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;
- сату (айырбастау) үшін өзінің жеке қосалқы шаруашылықтарында өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын резиденттер;
- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері;
- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (жаңадан құрылған және жұмыс істеп тұрған).

«Өтініш берушілер несие алуда басымдыққа ие болатын бірқатар шарттар бар», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Осындай үш шарт бар:
- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне - тұрақты немесе уақытша жұмысы жоқ (жұмыссыз), сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың қатарынан адамдарды жұмысқа орналастыру;
- жеке кәсіпкерге - тұрақты немесе уақытша жұмысы жоқ (жұмыссыз), сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың қатарынан адамдарды жұмысқа орналастыру;
- жеке кәсіпкер - ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің мүшесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер