«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодардың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғай алды

2023 жылғы 13 Сәуір
- Павлодар облысы
7437 просмотров

Павлодар облысының «Атамекен» палатасы мен қадағалау органы бизнес өкілдеріне өз қорғауын ұсынады.

"Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келтірген нормативтік-құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру арқылы олардың құқықтарын қорғай алды", - деп хабарлады 2022 жылғы жұмыс қорытындысы туралы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Арсланбек Баяндинов.

Ол прокуратураның қадағалау қызметінің маңызды бағыттарының бірі кәсіпкерлік құқықтарын қорғау болып табылатынын еске салды.
2023 жылы прокуратура араласқаннан кейін өтінімді қабылдамау және су айдындарын бекіту туралы заңсыз шешімнің күшін жою жолымен кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, ал басқа жағдайда - конкурс өткізу кезінде құқықтары бұзылған кәсіпкерлерге аңшылық алқаптарын бекіту арқылы.

«Құрметті кәсіпкерлер, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтініне назар аударамыз», - деп толықтырды Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер