«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Райымбек Баталов Наурыз мейрамымен құттықтады

2023 жылғы 20 Наурыз
4989 просмотров

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл басы – Наурыз халқымыз үшін жарқын, тамыры тереңде жатқан ерекше  мереке. Түрлі ұлттар бұл күнді жақсылықтың бастауы, ең бастысы – баршамызға ортақ мейрам ретінде атап өтеді. Әлемнің жаңаруы мен көктем келуінің нышаны саналған мейрам еліміз үшін жақсылықтың бастауы болсын!

Береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың арқауы болған Наурыз мейрамы баршаңызға  жақсылық пен құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Әр бастаған істеріңіз табысты әрі жемісті болсын! Ұлыс оң болсын!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер