«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде» өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің отырысы өтті

2023 жылғы 23 Ақпан
- Павлодар облысы
6211 просмотров

Талқыланған мәселелердің қатарында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеудің мерзімі мен құны, жұмысшы мамандардың тапшылығы, мемлекеттік сатып алулар мен техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі бар.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнеске өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін бес комитет құрылған. Бұл агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, туризм және қонақ үй бизнесі, білім, сауда және қызмет көрсету комитеттері.

Өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің отырысы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасовтың, құрылыс және техникалық қадағалау кәсіпорындарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өтті.

Innovation Center Project ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс пен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмысты ажырату ұсынысымен шықты. Көбінесе жобалауға арналған мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары сараптама жүргізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша тендердің ұзақтығын қамтымайды, ал ол шамамен 1,5 айды, сараптаманың өзі де 2 айды құрайды. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу немесе жобалаушының есебінен сараптама жүргізу үшін сот.

Сапасыз құрылыс мәселесінің бірі ретінде жиынға қатысушылар жобаларды әзірлеу және сараптау сәтінен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін жүзеге асырылуын атады.

Жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінгенге дейін жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай қымбаттайды.

Нормативтік құжаттармен белгіленген бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың мерзімін 3 жылға қысқарту ұсынылды.

Тағы бір мәселе, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімі кезінде әлеуетті өнім берушілерге қаржылық төлем қабілеттілігі, атап айтқанда, салық төлемдерінің болуы бойынша негізгі талаптар қойылады. Бірақ штаттағы білікті кадрлардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың бар-жоғы аса ескерілмейді.

Дегенмен, кәсіпкерлер заңды тұлғаның құрылыс қызметімен қатар заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерімен бір мезгілде айналыса алатынын, сәйкесінше мұндай ұйымның құрылыс саласында тікелей жұмыс істейтіндерге қарағанда мемлекет бюджетіне салық төлемдері айтарлықтай көп екенін айтады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер