«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстандық өндірушілердің тізімін құруда

2023 жылғы 22 Ақпан
- Павлодар облысы
6301 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жиһаз өнімдерін, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыруда, ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-на ұсынылатын болады. (https://docs.google.com/spreadsheets/d/11XjztXHbJ-50tHSd5zUbOs-O9NVQS9EIjLh1G4plx-U/edit?usp=sharing).

 

Тізілімді қалыптастыру кезінде қызмет түрлеріне сәйкес ҚР АПИР Ұлттық статистика бюросының заңды тұлғалар туралы мәліметтер базасы негізге алынған, онда төмендегідей ақпарат қамтылған:

• шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы;

• экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрінің атауы мен коды (оның ішінде қызметтің қайталама түрі);

• шаруашылық жүргізуші субъектінің аймағы;

• шифрланған БСН.

 

Бұл тізім қызметтің негізгі түрі (ЭҚЖЖ) бойынша қалыптасады, алайда іс жүзінде кейбір компаниялар бірнеше бағытта жұмыс істейді. Мысалы, жиһаз өндірушілер көтерме және сауда қызметін жүзеге асыра алады немесе ағаш материалдарын шығара алады.

Кәсіпкерлердің өздерін тексеруге және қажет болған жағдайда растаушы құжаттар қоса бере отырып, ақпаратты жаңартуға мүмкіндігі бар.

Жан-жақты ақпарат алғаннан кейін Тізілімді қалыптастыру кезінде Мемлекеттік кірістер комитетінің (сенімсіз салық төлеушілер тізілімі) және мемлекеттік сатып алу порталдарының деректері негізінде ұйымның сенімділігі туралы мәліметтер қосымша ескерілетін болады. Мемлекеттік сатып алу мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (жосықсыз жеткізушілер тізілімі).

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының операторына пайдалану үшін толық тізілім ұсынылады.

Жиһазды сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ Тауар өндірушілер тізілімі және/немесе «Атамекен» ҰКП-ның Отандық тауар өндірушілер тізілімі (Индустриалды сертификат негізіндегі салалық тізілімі) арқылы жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.

Жиһаз өндірушілер Ұлттық жобаға қатысуға мүдделі болса, Индустриалды сертификат алу қажет.

ИНдустриалды сертификат алуға өтініш беру туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://atameken.kz/ru/pages/886-industrial-naya-sertifikaciya.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру процесі толығымен автоматтандырылған. Осы файлдағы «Электрондық сертификаттау жүйесі» модулімен жұмыс істеу нұсқаулығын оқуға болады.

Құжат тиісті өтінішті алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде айына кемінде екі рет жаңартылады.

Барлық сұрақтар бойынша Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлеріне төмендегі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Зекебай Зейнур - 8 777 124 94 07 - project-support.pwq@atameken.kz;

Исенов Талгат - 8 708 349 89 00 - project-support.pwq@atameken.kz;


Еншілес ұйымдар

Серіктестер